Қостанай облысында полицейлер 54 жастағы Рудный қаласының тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті алаяқтық дерегінің жолын кесіп, Рудный қаласының 54 жастағы тұрғынының баспанасын сақтап қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша әйелге жеткізу қызметінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалған. Сәлемдемені алу сылтауымен олар […]
Қостанай облысында полицейлер 54 жастағы Рудный қаласының тұрғынын алаяқтардан құтқарып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті алаяқтық дерегінің жолын кесіп, Рудный қаласының 54 жастағы тұрғынының баспанасын сақтап қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша әйелге жеткізу қызметінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалған. Сәлемдемені алу сылтауымен олар әйелді SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуға көндірген.
Осыдан кейін алаяқтар бірнеше күн бойы әйелді алдап, психологиялық қысым көрсету тәсілдерін қолданған. Олар әйелді қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операцияға қатысып жатырмын деп сендірген. Алаяқтардың толық бақылауында болған әйел туыстарының қоңырауларына жауап беруді тоқтатып, өзін оқшау ұстап, болған жағдай туралы ешкімге айтпаған.
Әйелдің мұндай мінез-құлқы туыстарының күдігін туғызып, олар полициядан көмек сұраған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әйелдің жүрген жерін жедел анықтады. Осы уақытқа дейін ол алаяқтардың ықпалымен құны 7 миллион теңге болатын пәтерін сату туралы мәміле жасап үлгерген. Полицейлердің дер кезінде араласуының арқасында сатып алу-сату мәмілесінің күші жойылды.
Полиция ескертеді: алаяқтар көбінесе жәбірленушілерді болған жайтты құпия сақтауға, жақындарының қоңырауларына жауап бермеуге және барлық нұсқауды бұлжытпай орындауға көндіреді. Егер сізге мүлікті сату немесе ақша аудару туралы осындай қоңыраулар түссе, әңгімені бірден тоқтатып, полицияға хабарласыңыз.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 2 | Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды | 2 | 6 | 02-07-2026 |
| 3 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 4 | Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер | 7 | 6 | 02-07-2026 |
| 5 | В Павлодарской области задержали группу вымогателей | 0 | 7 | 07-07-2026 |
| 6 | Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 7 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 8 | Полиция задержала порядка 700 человек за участие в незаконных акциях в Казахстане | 0 | 0 | 11-06-2019 |
| 9 | В Нур-Султане и Алма-Ате полиция задержала 500 человек за участие в незаконных акциях | 0 | 0 | 09-06-2019 |
| 10 | В Казахстане в День независимости задержали 55 участников незаконных акций | 0 | 0 | 17-12-2019 |