Қазақстандық балуандар енді медаль үшін қомақты қаржы алады.
Қазақстандық балуандар енді медаль үшін қомақты қаржы алады.
Қазақстан күрес федерациясы балуандар мен олардың бапкерлерін ынталандыруға бағытталған жаңа бастаманы бекітті. Бұл туралы Қазақстан күрес конгресі барысында Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Қадырғалиұлы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz спорт порталына сілтеме жасап.
Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттары секілді ірі халықаралық жарыстарда жүлде алған спортшыларға, бас бапкерлерге және жеке жаттықтырушыларға федерация тарапынан арнайы ақшалай сыйақы төленеді.
Федерация бекіткен жаңа регламентке сәйкес, сыйақы төрт негізгі халықаралық жарыстағы нәтижелер үшін қарастырылған. Атап айтқанда, Олимпиада ойындары, ересектер арасындағы әлем чемпионаты, Азия ойындары және ересектер арасындағы Азия чемпионатында жүлде алған балуандар мен олардың бапкерлері ақшалай марапатқа ие болады. Барлық төлем АҚШ долларымен жүргізіледі.
Олимпиада ойындарындағы сыйақы көлемі
Әлем чемпионаты мен Азия ойындары үшін берілетін сыйақы
Азия чемпионатындағы жүлделер үшін сыйақы
Айта кетейік, бұл федерация тарапынан берілетін қосымша сыйақы болып саналады. Олимпиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға мемлекет тарапынан да бір реттік ақшалай төлем беріледі.
Атап айтқанда, Олимпиада алтыны үшін 250 мың доллар, күміс медаль үшін 150 мың доллар, қола жүлде үшін 75 мың доллар қарастырылған. Сондай-ақ 4-6 орын алған спортшыларға да арнайы төлемдер белгіленген.
Бұдан бөлек, Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан пәтер беріледі және спорт саласында 20 жылдық еңбек өтілі болған жағдайда өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету құқығы қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 2 | Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды | 5 | 7 | 28-06-2026 |
| 3 | Асылым Жақия жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды | 8 | 7 | 25-06-2026 |
| 4 | Бюджет юношеской Олимпиады 2022 года в Сенегале составит $150 млн | 0 | 0 | 09-10-2018 |
| 5 | Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 6 | Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді | 0 | 5 | 26-06-2026 |
| 7 | Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі | 0 | 3 | 28-06-2026 |
| 8 | Президент: Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! | 7 | 6 | 26-06-2026 |
| 9 | Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды | 5 | 7 | 27-06-2026 |
| 10 | Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді | 0 | 5 | 27-06-2026 |